about us icon Біз туралы
icon printer Басып шығару

Басшылық

head doctor photo

Молдыбаева Алия Калымхановна

Бас дәрігер

Врач терапевт

Рахимбаева Райхан Миятбековна, 1961 жылы 14 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылындадүниеге келген. 1978 жылы туған жеріндегі С.Ерубаев атындағы орта мектебін алтын медальмен бітірген. 1978 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1984 жылы аталған институтты «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. 1984-1985 жылдары Шымкент қалалық №4 бірлескен ауруханасында «Терапия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

Алғаш еңбек жолын 1985 жылы ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабулақ учаскелік ауруханасында терапевт дәрігері болып бастады. 1985-1988 ж. аралығында ОҚО, Сайрам аудандық емханасында дәрігер-терапевт болып жұмыс атқарды. Мұнан соң №2 Шымкент қалалық емханасында 2003 жылға дейін учаскелік дәрігер терапевт қызметін, 2003-2012 жыл аралығындаучаскелік бөлім меңгерушісі, ал 2012-2015 жыл аралығында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін, 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін емхананың бас дәрігері қызметін атқарып келеді.

Райхан Миятбековна Рахимбаеваға 2013 жылдан бастап «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау жұмысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты тағайындалып берілді.

Рахимбаева Райхан Миятбековна №2 Қалалық емханасының бас дәрігері болып тағайындалған күннен бастап, өзінің білікті басшы екендігін көрсете білді.

Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Батыр Шапағаты» медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Елеулі еңбегі үшін» ордені және басқа да Грамоталармен бірнеше рет марапатталған.

Емханада медициналық көмек барлығына қолжетімді болуын қамтамасыз ету және оның заманға сай болуы, яғни емделушінің алтын уақытын бағалау жәнеемделушілерге бар мүмкіншілікті жасау мақсатында құрылған «Электронды тіркелу», «Кезексіз емхана» сияқты автоматтандырылған жүйелерін енгізу және жүзеге асыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізілуіне үлкен ықпал жасауда. Мамандардыңжаңа технологиялық бағдарламаларды жоғары деңгейде меңгеруіне, қызметкерлердің білімін үнемі жетілдіріп отыруына үлкен мән береді. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында емханада цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, емделушілерге қолжетімді, сапалы медициналық қызмет уақытылы көрсетілуде.

2011-2016жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының еңбек дәрігерлік сараптау бойыншаштаттан тыс бас маманы болып қызмет атқарды. 2018 жылы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Ауруларды басқару бағдарламасы» бойынша штаттан тыс бас маманы болып бекітілді.

Тұрмыста, 2-қыз, 1- ұл тәрбиелеп отыр

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №13"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, ул.Аскарова, 12А

13_poiliklinika@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 40-24-60
Медициналық мекеменің байланыс орталығы